Тікелей эфир

Астанадағы жаңа аудан қалай аталатыны белгілі болды

Сарайшық, Тұран, Сауран және Жерұйық секілді төрт нұсқа ұсынылды.

Астанада жаңа алтыншы ауданның атауы қалалық мәслихаттың отырысында ұсынылды.

Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ономастикалық комиссия мүшелеріне 15 ұсыныстың ішінен Сарайшық, Тұран, Сауран және Жерұйық секілді төрт нұсқа ұсынылған.

Ономастикалық комиссия мүшелері елорданың жаңа ауданының атауы ретінде Сарайшық нұсқасын таңдаған.

Алматы ауданын бөлуге биылғы қаңтарда бекітілген қаланың бас жоспары негіз болды. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары