Тікелей эфир

Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығына жаңа басшы келді

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Санжар Болатұлы Шәлекенов Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкология орталығының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Шәлекенов Санжар Болатұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, PhD-Doctor der Medizin (Германия), Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің урология және андрология кафедрасының доценті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ урология кафедрасының доценті.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, "Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында" "Хирургия" мамандығы бойынша интернатураны, клиникалық ординатураны бітірген.

Біліктілігі – "Уролог-онколог". "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша "Қазақстандық медицина университетінде магистратураны бітірген.


Оқи отырыңыз: Қандай әдеттер қатерлі ісікке әкеледі? Зерттеу қорытындысы.


Санжар Болатұлы еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының №12 орталық қалалық клиникалық ауруханасында уроандрология бөлімшесінде бастаған. Содан кейін Алматы қалалық дәрігерлерді жетілдіру институтында урология кафедрасында клиникалық ординатор болып жұмыс істеді.

2021 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының "Ұлттық ғылыми онкология орталығында" ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі Басқарушы директор лауазымын атқара отырып, Нұр-Сұлтан қаласының "Ұлттық ғылыми онкология орталығының" Басқарма Төрағасының ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.

2023 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында Астана қаласының "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарды.


Оқи отырыңыз: Шетелде ғылыми тағылымдамадан қалай өтуге болады? Маңызды 15 сұраққа жауап.


 

Серіктестер жаңалықтары