USD: 468.7 / 471.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Астанадағы Сарайшық көшесіне Жұмабек Тәшеновтың атын беру ұсынылды

Астана мәслихаты алтыншы ауданды Сарайшық деп атауды мақұлдады.

Мәслихат депутаты Бауыржан Смаилов сол жағалаудағы Сарайшық көшесінің атауын Жұмабек Тәшенов деп ауыстыруды ұсынды.

"Бұған дейін де Алматы ауданы құрылды, Алматы көшесі болды, Сарыарқа ауданы мен Сарыарқа даңғылы бар. Өзге өңірлерде де қайталанатын атаулар бар. Сондықтан көше атын ауыстыру — күн тәртібінде тұрған жоқ. Сарайшықтың саяси-идеялық маңыздылығын ескере отырып, жаңа аудан атауы ретінде таңдадық. Ономастика заңдылығы бойынша кісі есімі елді мекенге, ауданға, қалаға берілмейді", – деді Астана тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Оның айтуынша, Астанада Ж. Тәшенов атындағы көше мен мектеп сонымен қатар мектепте музей мен ескерткіші ашылған.

Ал депутат бір қалаға Сарайшық атауы көбейіп кеткенін, сондықтан қазіргі Сарайшық көшесін Тәшенов есіміне ауыстыру бастамасын көтерді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау