USD: 473.3 / 476.3
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Астана әкімдігі жоғары оқу орындарына 303 грант бөлді. Кімдер үміткер бола алады?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Астанада әкімдік грантына құжат қабылдау 5 тамызда басталады.

Астана әкімдігі 2026–2030 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау үшін 303 білім беру грантын бөлді. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Астана әкімдігінің 2026 жылғы 25 мамырдағы №107-1777 қаулысына сәйкес бөлінген гранттарға құжат қабылдау 2026 жылғы 5–10 тамыз аралығында жүргізіледі.

Әкімдік мәліметінше, конкурсқа қатысу үшін талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш тапсыруы қажет.

"Білім беру гранттары бірнеше жоғары оқу орнына және сұранысқа ие мамандықтарға бөлінген. Атап айтқанда, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде – көлік қызметтері, А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында – мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша гранттар қарастырылған. Сондай-ақ Astana International University, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Esil University оқу орындарында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтерін, математика, физика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін, арнайы педагогтер мен ақпараттық технологиялар саласының мамандарын даярлауға арналған гранттар бөлінді", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау