Тұрғын үйлердің 30 пайыздан астамы 1970 жылға дейін салынған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы желтоқсанда елімізде 2 мыңға жуық апатты тұрғын үй бар екені анықталды. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Апатты үйлерде 29 мыңнан астам адам тұрады.
"Елімізде Атырау (379 үй) және Ақмола (202 үй) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (195 үй) апатты тұрғын үй тіркелген. Сондай-ақ, бұл тізімге Батыс Қазақстан (175 үй) және Абай (127 үй) облыстары да кіреді" – делінген хабарламада.
Статистикалық дерек бойынша, үйлердің 30 пайызы 1970 жылға дейін салынған.
Оқи отырыңыз: "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр