USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты: науқастар эвакуацияланды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Балалар ауруханасындағы өрт екі минутта оқшауланды.

Астанадағы балалар ауруханасының ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тілсіз жауды қысқа уақытта сөндірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өрт Сарайшық ауданы аумағындағы Қошқарбаев көшесінде орналасқан балалар ауруханасының жертөлесіндегі электр қалқанынан шыққан. Хабарлама түскеннен кейін екі минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кіріскен.

"Қауіпсіздік мақсатында науқастар мен медицина қызметкерлері эвакуацияланды. Олар жақын маңдағы медициналық мекемелерге, сондай-ақ ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдар ұсынған автобустарға орналастырылған. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, арнайы жылыту пункті ұйымдастырылды", – делінген хабарламада.

Құтқарушылар 10 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толық сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз