Астанада жол жөндеу жұмысшыларын көлік қағып кетті: бір адам қаза болды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлайды.

Қайғылы оқиға 18 тамызда түнгі уақытта болды.

"Шкода" маркалы автокөліктің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай "Сарайшық" көпірімен келе жатып, жол жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын ескермей, екі жұмысшыны қағып кетті. Салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Көлік құралы арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз