Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Сот жүргізушінің әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалады.

Астанада Hyundai Palisade көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін биыл 306 рет бұзған. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, 25 жастағы жүргізуші 169 рет жылдамдықты асырып, 134 рет автобус жолағымен жүрген.

Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамақ тағайындады.

Елорда прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау