Астанада жедел жәрдем басшылары 850 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
"103" автопаркін тонағандар сотқа тартылды.

Астанада жедел медициналық жәрдем станциясының басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Тергеуді прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп жүргізген. Ведомство мәліметінше, 2020–2023 жылдар аралығында жедел жәрдем станциясының қаржысы жүйелі түрде ұрланған.

"Санитарлық автокөліктердің бөлшектері заңсыз есептен шығарылып, жалған қызмет көрсету шарттары жасалған. Соның салдарынан жұмыс істейтін автокөліктер саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған", – делінген прокуратура хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта "103" жедел жәрдем автопаркі толық қалпына келтірілген. Іс аясында төрт адам, оның ішінде станция директоры мен екі орта буын басшысы қамауға алынды. Олардың әрекеті салдарынан мемлекетке 850 миллион теңгеден астам залал келтірілген.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары