8,5 миллион теңге: Түркістанда құмар ойынға құныққан келін ұсталды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Полиция бұйымның барлығын иесіне қайтарды.

Түркістанда енесінің алтыны мен ақшасын қолды қылып, құмар ойынға тіккен келіні ұсталды. Шығын көлемі 8 жарым миллион теңге, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні тергеп жатыр. Әшекей бұйымдарының азайып бара жатқанын байқаған тұрғын алдымен полицияға жүгінген екен. 

Сөйтіп жүргізілген тергеу нәтижесінде ұры сол үйдің тұрғыны, жәбірленушінің туған келіні болып шыққан. Әйел мамыр айынан бері ұрлыққа түсіп, алтындарды ломбардқа өткізген. Ал, ақшаны құмар ойынға салған дейді тәртіп сақшылары. 

Полиция бұйымның барлығын иесіне қайтарды. Тіпті, болған жағдайдан кейін ерлі-зайыпты ажырасып кеткен екен. Енді күдікті сот алдында жауап беретін болады.

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары