Тікелей эфир

Астанада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталады

Жалпы саны 770 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр.
Астана қаласының Тұрғын үй орталығы "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша құжаттар қабылданатынын хабарлады. 
Құжаттарды қабылдау 6 қарашада сағат 9:00-ден 12 қараша сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Барлығы 770 пәтер бөлу жоспарланып отыр. Баспана ұзарту құқығынсыз 3 жылға беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы - 5000 теңге мен 15 000 теңге аралығында.
Құжаттарды қабылдау тек qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Үй алу үшін ай сайын қанша ақша табу қажет? Ипотекаға қатысты маңызды 10 сұраққа жауап
Қатысу шарттары:
  • 35 бес жасқа толмаған (34 жасты қоса алғанда) ҚР азаматы;
  • аяқталған орта /орта-арнайы / жоғары / жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналасу;
  • өтініш берушінің өтінім бергенге дейін соңғы 3 (үш) жылдан кем емес уақыт Астана қаласында тұрақты тіркелген болуы;
  • өтініш берушінің отбасы мүшелерін (жұбайы/және балалары болған жағдайда) Астана қаласында тұрақты тіркеуі) ;
  • өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ өтінім берген кезде соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
  • өтініш берушінің соңғы 6 айдағы төлем қабілетін растауы (ай сайынғы табысы кемінде 40 АЕК/кемінде 138 000 тг).
Өтініш беруші ең алдымен ЭЦҚ кілтін алуы қажет. Ал тізімдегі анықтамалар өтінім беру кезінде 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей алынуы тиіс. Өтінімнің статусы туралы ақпаратпен qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинет арқылы телефонға SMS хабарлама келгеннен кейін танысуға болады. 
Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға қатысты барлық сұрақ бойынша 109 колл-орталығына (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), 8-776-198-29-70 (WhatsApp) нөмірі бойынша немесе Астана қаласы, Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша хабарласуға болады. 
Серіктестер жаңалықтары