Тікелей эфир

Астанада үздік бата берген ақсақалдар марапатталды

Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Байқауға қатысушылардың бәрі қаржылай сыйлыққа ие болды.

Астанада ақсақалдар арасында өткен І республикалық бата беру байқауының жеңімпаздарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттады. Бұл туралы muftyat.kz сайты хабарлады.

Ақсақалдардың бата беру өнерін ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев, жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, филология ғылымының докторы, профессор Серік Негимов, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы мен елордалағы "Шейх Кунта қажы" мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожа бағалап, төрелік жасады.

Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz

Оқи отырыңыз: Қазақстанның Google, Яндекс карталарында қанша мешіт пен намазхана бар?


Қазылар алқасының шешімімен шариғат пен дәстүрге сай мағыналы бата беру, дауыс ырғағы, киім үлгісі, қосымша сұрақтарға жауап беру талаптары бойынша үздік деп танылған ақсақал Балтабай Сыздықов (Павлодар облысы) 1-орынды жеңіп алды. 2-орын Серікбек Балқыбекұлына (Жетісу облысы) және 3-орын Шахан Тұрсынханов (Абай облысы) ақсақалға бұйырды.

Фото: muftyat.kz

Сонымен қатар Жұмабай Тәжібаев (Алматы қаласы), Самиғолла Машаев (Атырау облысы) пен Дәріқұл Махамбетовке (Қызылорда облысы) ынталандыру сыйлығы және барлық қатысушы ақсақалдарға қаржылай сыйлық берілді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары