Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесіріне төленетін қаражат көлемі де артады.
Ашық НҚА порталында жарияланған Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасына сәйкес, 2023 жылы Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір ҰОС ардагеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 800 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.
Еске салайық, Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, бір ардагерге 67 АЕК (231 150 теңге) мөлшерінде көмек беріледі. Сәйкесінше, қосымша әлеуметтік көмекті қосқанда әрбір ардагер 1 031 150 теңге көмек алады.
Астана қаласында мұндай 12 ҰОС ардагері бар. Былтыр Астанада әлеуметтік көмек 18 ардагерге берілген болатын.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 18 ардагер 1 млн теңгеден алады
Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесіріне де қосымша 30 мың теңге көмек беріледі. Сәйкесінше, олар 67 950 (37 950 + 30 000) теңге алады.
«Бюджеттің қосымша шығындары 9 630 000 теңгені құрайды» деп жазылған жобаның түсіндірме жазбасында.
Құжат жобасы 24 наурызға дейін жария талқыға ұсынылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-