Астанада биыл Тәуелсіздік күні отшашу болмайды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алайда мерекелік шаралар өтеді.
"Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спорттық жарыстар өтеді", – делінген хабарламада.
Әдетте, бұл мерекеде демеушілердің қаржысына отшашулар өткізу дәстүрге айналған. Ал 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында үш нысанда бір мезгілде отшашу атылды.
USD:
483.1 / 486.1
EUR:
555.5 / 560.5
RUB:
5.91 / 6.11