Тікелей эфир

Астанада рұқсат құжаттарынсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады

Астанада рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүргізілген "Көктөбе" тұрғын-үй кешені бұзылады.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, тұрғын үй кешені Алматы ауданындағы Ш.Қалдаяқов пен К.Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. "Global Millennium" ЖШС құрылыс салушысы қадалар жүргізіп, шұңқырын қазған, сол сияқты іргетасын құйып, 1 қабатын тұрғызған.

"Құрылыс салушы шарт талаптарын орындамаған және нысанның құрылысын өз бетінше басталған. Құрылыс салушы құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 316-бап (тиісті жобалау-сметалық құжаттамасыз), 319-бап (жерге тиісті құқықсыз өндірістік, тұрғын үй нысандарын заңсыз салу), 321-баптың 1-бөлігі (техникалық және авторлық қадағалауларсыз құрылысты жүзеге асыру), 463-баптың 1-бөлігі (рұқсатсыз іс-қимылдарды жүзеге асыру) бойынша ӘҚБтК ұйғарым бере отырып, жауапқа тартылды", – деп жазылған хабарламада.

"DBK-Engineering" ЖШС бас мердігеріне қатысты ҚР кодексінің 313-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама (осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструктивтік элементтердің беріктігін, тұрақтылығын жоғалтуға әкеп соққан іс-әрекеттер жасау ретінде) жасалды.


Оқи отырыңыз: Шымкенттегі әуежай маңында заңсыз орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттар бұзылып жатыр


Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот елорданың қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасының талабын қолдады және құрылыс салушыны тұрғын үй кешенін бұзуға міндеттеді.

 

Серіктестер жаңалықтары