Тікелей эфир

Шымкенттегі әуежай маңында заңсыз орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттар бұзылып жатыр

Шымкентте әуежайға жақын салынған 179 жеке меншік үй бар.

Жер учаскелері мемлекетке қайтарылуда. Аталған жұмыстар аумақта белгіленген шектеулерді сақтау мақсатында жүргізілуде, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков телімді мемлекет мұқтаждығына алған кезде төленетін өтемақы баспанамен бірге жер учаскесінде де берілу керек деп есептейді.

Депутаттың мәліметі бойынша, Шымкентте әуежайға жақын салынған 179 жеке меншік үй бар. Олардың 128-де тиісті құжат болса, қалған 51 үй заңдастырылмаған. Жер учаскесін иелену туралы мемлекеттік акт жоқ. Соның салдарынан осы 51 отбасы баспанасынан айырылайын деп тұр. Оған қоса, мемлекет тарапынан нарықтық бағамен берілетін өтемақыны да алуға құқықтары болмайды.


Оқи отырыңыз: Тұрғын үй сатып аларда нені ескеру қажет? Риэлтор кеңестері.


Осы жағдайларды ескерген халық қалаулысы Үкіметтен мәселені шешуді сұрады.

"Бірінші, 51 отбасының өздері тұрып жатқан жер учаскелеріне құжаттарын рәсімдеп, заңдастыруы үшін шұғыл шаралар қабылдауды сұраймыз. Екінші, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару кезінде берілетін өтемақы сомасында тұрғын үйдің бағасымен қатар, жер учаскесі құнының есепке алынуын қатаң бақылауға алуды, сонымен қатар Шымкент қаласы әуежайының  ұшу жолықтарын солтүстік-батыс аумағына көшіру мәселесін қарастыруды сұраймыз", – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков.

 

Серіктестер жаңалықтары