USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.59 / 6.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Астанада мешітте намаз оқып жатқан тұрғынның телефонын ұрлаған ер адам ұсталды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат мешітте түнеп жүрген.

Астана қаласында полиция қызметкерлері мешіт аумағында ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы ер адамды анықтап, қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат мешітте түнеп жүрген. Ол келушілердің бірі намаз оқып жатқан сәтті пайдаланып, еденде қараусыз тұрған барсетканың ішінен iPhone 13 телефонын жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған. Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басы анықталып, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол елорда көшелерінің бірінде ұсталды.

Ұрланған ұялы телефон тәртіп сақшыларымен тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Математикадан тарихқа дейін: Қазақстандағы мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате табылды


Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкіне мұқият болуды және қоғамдық орындарда бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз