USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.59 / 6.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Математикадан тарихқа дейін: Қазақстандағы мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате табылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Оқу-ағарту министрлігі 3, 4, 7, 8 және 9-сынып оқулықтарын жаңартады.

Қазақстанда мектеп оқулықтарын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары басталады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, қолданыстағы мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге жүргізілген талдау нәтижесінде 700-ден астам ескертпе мен қате анықталған. Олардың қатарында техникалық және стильдік кемшіліктер, деректік қателер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, оқу бағдарламасына сай келмейтін материалдар, сондай-ақ ескірген әдістемелер бар.

Вице-премьердің сөзінше, ұлттық мазмұнға бейімделмеген материалдардың қолданылуы, математика пәніндегі қате анықтамалар мен есеп шығару тәсілдері, бағдарламада қарастырылмаған шығармалардың енгізілуі және тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ мәліметтер ерекше алаңдаушылық туғызады.

Сондай-ақ бірқатар оқулықтың белгіленген мерзімде қайта қаралмағаны белгілі болған. Кейбір оқу басылымдары тоғыз жыл бойы елеулі өзгеріссіз пайдаланылып келген.

"Баланың қолына тиетін әрбір оқулық сапалы, мазмұны дәл, дерегі шынайы және уақыт талабына сай болуы керек", – деді Аида Балаева.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мектептерді жаңа басылымдармен қамтамасыз ету үшін оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр.

Жоспарға сәйкес:

  • 2026 жылғы 30 тамызға дейін – 3 және 7-сынып оқулықтары;
  • 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін – 4 және 9-сынып оқулықтары;
  • 2027 жылғы 1 сәуірге дейін – 8-сынып оқулықтары жаңартылады.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз