Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесін (LRT) іске қосуға дайындық аясында City Transportation Systems (CTS) платформа бойынша кезекші және LRT кассирі лауазымдарына қызметкерлер қабылдайтынын жариялады. Бұл туралы CTS сайтында жазылған.
Платформа бойынша кезекші
Үміткерлердің жоғары немесе орта арнаулы білімі болуға тиіс (мамандыққа нақты талап жоқ). Көлік саласында кемінде 6 ай жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілі құпталады.
Міндеттері:
- жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- жабдықтардың жұмысын бақылау;
- жолаушылар ағынын реттеу және платформада қоғамдық тәртіпті сақтау.
Ұсынылатын жағдайлар:
- жұмыс беруші есебінен 1 айлық оқыту;
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- оқу кезінде – бес күндік жұмыс аптасы;
- жұмысқа қабылданғаннан кейін – ауысымдық кесте.
Оқи отырыңыз: Қозғалыс менеджері, диспетчер, машинист: Астанадағы LRT желісі жаппай кадр іздеп жатыр
LRT кассирі
Біліктілік талаптары: жоғары немесе орта арнаулы білім (бухгалтерия, қаржы, экономика, гуманитарлық бағыттар), мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі, "1С: Бухгалтерия" бағдарламасын меңгеру, есептілік жүргізу дағдылары. Мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілі құпталады.
Міндеттері:
- LRT пайдалану қағидаларын, тарифтер мен жеңілдіктерді түсіндіру;
- көлік карталарын сату және толықтыру;
- кассалық есептілік жүргізу.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13