
ЛРТ желісін қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-де жолақы құны қанша болатынын айтты.
"LRT бойынша жобалық баға 100-ден 200 теңгеге дейін болды, әзірге осы шеңберде қалып отыр", – деді әкім Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуде.
Бұған дейін алдын ала есептеу кезінде жолақы құны 200 теңге деңгейінде болатыны хабарланған болатын. Алайда кейінірек әкім тарифтің қайта қаралатынын, бірақ бағаның ақылға қонымды және қолжетімді болатынын айтқан еді.
LRT желісін қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр. Ал осы аптадан бастап оның маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары басталады.