Астанада Кравцов көшесінде көлік қозғалысы төрт күнге шектеледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қозғалыс екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Астанада Кравцов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеу 19-22 тамыз аралығында қолданылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, А. Кравцов көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі бөлігінде жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Қозғалыс екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз", – делінген әкімдік хабарламасында.

Фото: Астана әкімдігі

 

Жұмыс жүргізілетін аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен арнайы көрсеткіштер орнатылады.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдағы белгілерге назар аударып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау