Тікелей эфир

Астанада көші-қонды реттейтін жоба қоғам талқылауына ұсынылды

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы халық санын реттеу үшін бірқатар ұсыныс айтты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қандастарды және басқа өңірлерден көшіп келушілерді Үкімет бекіткен аймақтарға ерікті түрде қоныстандыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл аймақтық квота арқылы жүзеге асады. Басқарма азаматтарды қоныстандыру үшін экономикалық даму қарқыны орташа немесе жоғары моно және шағын қалалар мен елдімекендердің тізімін жасамақшы. Аталған тізім жыл сайын 15-желтоқсанға дейін жасақталуы қажет. Ол электронды еңбек биржасында жарияланатын болады.


Оқи отырыңыз: 20 миллионға 200 мың қалды: Қазақстанның қай өңірлерінде өсім жоғары?


Аталған басқарма халық санын реттеу үшін мынандай ұсыныстар жасап отыр:

  • Қандастар мен басқа өңірлерден қоныс аударушыларға қаладан белгіленген аумақ бөлу немесе бөлмеу.
  • Шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастарымызды тартуға арналған квота санын көбейту немесе азайту.
  • Орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға қандастарға немесе қоныс аударушыларға берілетін аймақтық квоталарды көбейту немесе азайту.
Серіктестер жаңалықтары