Тікелей эфир

20 миллионға 200 мың қалды: Қазақстанның қай өңірлерінде өсім жоғары?

Халық саны бойынша өңірлер арасында Алматы бірінші орында.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы ел халқының саны 19,8 миллион адамға жеткенін мәлімдеді. Халық саны 2023 жыл басынан бері 132,5 мың адамға өсті.

Алматы халық саны бойынша бірінші орында. Жыл басынан бері қала халқының саны 29,4 мыңға өсіп, 2,1 миллион адамға жеткен. Ал Астанада халық саны 28,7 мыңға өсіп, 1,3 миллионды құрады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның 8 облысында халық саны миллионға жуық адамға азаяды – 2050 жылға болжам


Негізгі мәліметтер:

  • Қазақстан халқының саны – 19 832 737 адам;
  • Қала тұрғындары – 12 260 185 адам;
  • Ауыл тұрғындары – 7 572 552 адам;
  • Ерлер – 9 681 672;
  • Әйелдер – 10 151 065.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары