Тікелей эфир

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі ішінара жабылады

29 мамырдан бастап 3 маусымға дейін Қабанбай батыр даңғылының учаскесі ішінара жабылатын болады.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандары көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты биыл 29 мамырдан бастап 3 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.


Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" теміржол станцияларының атауы өзгереді


 

Серіктестер жаңалықтары