Біріншісі енді "Астана", екіншісі "Нұрлы жол" деп аталады.
Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, қазақстанда бірқатар темір жол станциялары мен разъездерінің атауын өзгерту жоспарланып отыр. Оның ішінде:
- Нұр-сұлтан темір жол станциясын – Астана темір жол станциясына;
- Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясын – Нұрлы жол теміржол станциясына өзгерту көзделген.
Олардан бөлек, келесі станция және разъезд атауы өзгереді:
Жетісу облысы:
- "БП Алматы бөлімшесі" филиалының 13 темір жол разъезі Ақши темір жол разъезіне;
Қызылорда облысы:
- Қызылорда бөлімшесінің 26 теміржол станциясы Жетітөбе темір жол станциясына;
Маңғыстау облысы:
- Маңғыстау бөлімшесінің 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне;
- Маңғыстау бөлімшесінің 10 темір жол разъезі боздақ темір жол разъезіне;
- Маңғыстау бөлімшесінің 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне;
- Маңғыстау бөлімшесінің тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына;
Атырау облысы:
- Маңғыстау бөлімшесінің Майкөмген теміржол разъезіне Толтыр теміржол разъезі.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63