Тікелей эфир

Астанада ауа райына байланысты ІІ ауысым оқушылары қашықтан оқиды

8-9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордалық мектептерде екінші ауысымның 0-9 сынып оқушыларына сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

"Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 8 ақпанында екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді", – деп жазылған Білім басқармасының хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді


"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 8-9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары