Астанада ер азаматтар мектеп ауласының қарын күреу бойынша челлендж бастады

Олар өзге өңір тұрғындарын бұл бастамаға қосылуға шақырды.

Астана мектептерінде "Таза Қазақстан" акциясы аясында "100 мектеп – 1000 әке" қар күреу челленджі өтіп жатыр, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.

Астана қаласының №1 арнайы мектеп-интернатының әкелер кеңесінің өкілдері балалары оқитын білім беру мекемесінің қар күреу челленджін іске қосты.

"Ұлы Абай айтқандай, "Мықты мемлекет құрғың келсе, отбасын тәрбиелеуден баста". Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі. Оның бірлігі әкенің рөліне тікелей байланысты. Біз әкелерді тәрбие процесіне белсенді араласуға тартуға тырысамыз. Оқу орындарындағы тазалық пен тәртіп – бұл әрбір азаматтың жауапкершілігі", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Челленджді эстафета форматында Қазақстанның басқа қалаларына жолдай отырып, ұлттық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша, акцияға қатысушылар ұлттық бірлікті нығайтуға және жастардың патриоттық рухын нығайтуғп өз үлестерін қосуда.


Оқи отырыңыз: Көктайғақ және тұман: Қазақстанда 20 желтоқсанда ауа райы қандай болады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары