Тікелей эфир

Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетеді.

Жаңа автобустарды жеткізу аясында 23 қарашада Астанада №84 жаңа бағыт "Дәстүр" тұрғын үй кешені – "Қ.Рысқұлбеков көшесі" қатынасы арқылы іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетеді. Олар Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы қатынайтын болады. Осылайша, елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасы жақсарады.

Сондай-ақ, бұл "Дәстүр" ТК мен Қ.Рысқұлбеков көшелерінің арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ұлы дала, Р.Қошқарбаев даңғылдарында, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынов, Қ.Рысқұлбеков көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді арттырады. Қолданыстағы № 14, 32, 49, 50, 56 бағыттардың  жүктемесін азайтады.

Айта кету керек, бұл Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы іске қосылған 2-бағыт және биыл іске қосылған 7-жаңа бағыт.


Оқи отырыңыз: Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды


Осыған дейін № 27, 49, 56, 66 және қала маңындағы № 328, 329 бағыттар іске қосылды.

Серіктестер жаңалықтары