USD: 480.3 / 482.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Тоқаев: Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Қазақстан президенті көп ұзамай әуежай құрылысы басталуы қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында көлік-логистика саласына баса назар аудару керек екенін айтты.

"Еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын жақсарту міндетін де орындауымыз керек. Былтыр 13 мың шақырым автокөлік жолын жөндеу жұмысы басталды. Оның 6 мың шақырымы қолданысқа берілді. Мұндай ауқымды жұмыс ел тарихында бірінші рет жасалды. Келер жылы автокөліктерді өткізу бекеттерін жаңғырту ісі аяқталуы керек. Соңғы бес жылда ел аумағы арқылы автокөлікпен тасымалданатын жүк көлемі екі есе артып, 6 миллион тоннаға жетті. Былтыр автокөлікпен жүк тасымалдаушылардың табысы 1,5 триллион теңге болды", – деді Тоқаев.

Қазақстан президенті бұл көрсеткіш теміржол саласындағы кіріспен шамалас екенін, осының өзі отандық автокөлік тасымалы саласының әлеуеті зор екенін көрсететінін атап өтті. Мұндай кәсіпкерлерді барынша қолдау керек дейді президент.

"Авиация саласындағы табысымыз да көбеюде. Елімізде жаңа ұшу бағыттары ашылып жатыр. Толыққанды әуе хабтарын қалыптастыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Әрине, осы тұрғыдан алғанда, Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет. Көп ұзамай оның құрылысы басталуы қажет. Әуе кеңістігі арқылы жүк тасымалдайтын арнайы компания құру өте орынды шешім болды деп санаймын. Бұл маңызды қадам халықаралық логистикадағы әлеуетімізді күшейтуге ықпал етері сөзсіз", – деді мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз