Астанада балаларға арналған президенттік жаңа жыл кеші өтті

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Президент шыршасына қатысу үшін Елордаға келген балалар қаланы екі күн аралады.

Астанада ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан балаларға арналған "Жаңа жыл республика төрінде" жаңа жылдық кеш өтті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл мемлекет басшысының ерекше құрметіне ие болған оқушылардың жартысынан көбі – ауыл балалары. Шараға қатысқан 30 бала көпбалалы отбасылардан шыққан, ал алалардың үштен бірі асыраушысынан айырылған. Сондай-ақ, әлеуметтік осал санатқа жататын және толық емес отбасылардың балалары да бар.

Жаңа жылдық кештің тағы бір ерекшелігі – балаларды қарсы алған Аяз ата мен Ақша қар жасанды интеллектінің көмегімен әзірленген. Оған қоса, балалар Мақта қызбен бірге ертегілер әлеміне саяхат құрып, түрлі жарқын эмоцияларды бастарынан өткізді. Теке, қошқар, Алладин мен Жасмин секілді ертегі кейіпкерлерімен жүздесті. 

"Бүгін сіздер кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен республика төріндегі президент шыршасына келдіңіздер. Президентіміз сіздерді осындай ғажайып мерекелік шараға қонаққа шақырды. Өздеріңізді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Осы залда отырған 100 баланың әрқайсысы білімде, спортта, шығармашылықта табысқа жеткен талантты өрендер. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз", – деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Президент шыршасына қатысу үшін Елордаға келген балалар қаланы екі күн аралады. Балалар елордадағы ұлттық музейде болып, еліміздің тарихи мұраларымен танысты. Сондай-ақ, Астана-Бәйтерек монументінде, "Ailand" океанариумында болды. Шара барысында оқушыларға арналған түрлі конкурстар ұйымдастырылды, оның жеңімпаздары мерекелік кеш кезінде марапатталды.

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары