Елімізде жаңа жыл жақындаған сайын жасанды шырша да қымбаттап жатыр. Көпшілік баға былтырғыдан 20-30 пайыз өскенін байқаған. Десе де, қазір халық сауда орындарынан қалтасы мен қалауына сай кез келген шыршаны таба алады дейді саудагерлер. Яғни таңдау көп, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жаңа жыл қарсаңында базардағы тіршілік қыз-қыз қайнаған. Азық-түлік, киім-кешек нүктелерін айтпағанда, шыршалар сататын орында да адам қарасы көп. Өйткені барлығы мерекенің басты символын сатып алып, балаларын қуантуға асыққан. Ал биылғы шырша бағасы бірінің көңілінен шықса, енді бірі қалтамыз көтермейді дейді.
Демек, жасанды шыршалардың бағасы биіктігі мен сапасына байланысты. Мәселен ең арзанын мың теңгеге де алуға болады. Бірақ олардың ұзындығы 60 сантиметр. Ал биіктігі орташа, яғни 1-1,5 метрлік шыршалардың бағасы 3 мың мен 600 мың теңге арасында саудалануда. Егер аса биік әрі сапасы мықты шырша керек десеңіз 2 миллион теңгеге дейін ақша жұмсауыңызға тура келеді. Кәсіпкерлер бұрынғыдай сауда жоқ деп қынжылады. Себебі, тұрғындардың дені тауарды онлайн маркетплейстерден алуға көшкен. Сондықтан базарда аса қымбат шыршалар өтпейді деп отыр. Ал, сұрынысқа сай сан түрлі жарық сыйлайтын шамдар сөреде самсап тұр.
"Көбінде барынша арзанға әкеліп, барынша арзанға сатуға тырысамыз ғой. Көбінің сұранысында 30-50 мың арасында. Ол қымбат бағаланбайды орташа бағадағы шыршалар ғой. Арзан болмаса алмайды. Осы аптаның аяғы жақсы болуға тиіс. Барлығы жақындағанда келеді", – деді кәсіпкер Мағжан Мұрдыбаев.
Сатушылардың айтуынша қазір халық бағадан гөрі сапаға мән беретін болған. Өйткені бір шыршаны көпшілік 2-3 жыл пайдалануға тырысады екен. Оның үстіне жасанды желек саудасы әрі кетсе желтоқсан айында 10 күнге созылады. Сол себепті жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын баға да арзандай береді деп отыр.
lw-3094948329-1
USD:
513.7 / 516.3
EUR:
601.0 / 606.0
RUB:
6.39 / 6.51