USD: 472.1 / 474.7
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Астанада автобуспен тегін жүру тәртібіне өзгеріс енгізіледі

Виртуалды картаны шығару және рәсімдеу онлайн жүзеге асырылады.

Астанада оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін виртуалды жол жүру карталары енгізіледі, деп хабарлады CTS компаниясы.

Компианияның мәліметінше, бұрынғы карталарды пайдалана беруге болады.

"Валидацияны телефонның көмегімен QR кодты сканерлеу, валидаторға тигізу және басқа да ыңғайлы тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Осылайша көлік карталарын алып жүрудің қажеті болмайды", – делінген ресми хабарламада.

Виртуалды картаны шығару және рәсімдеу онлайн жүзеге асырылады. Оны рәсімдеу үшін пайдаланушыларға арнайы кассаға барудың қажеті жоқ.

Виртуалды карталарды ресімдеу және пайдалану тәртібі, сонымен қатар жобаны іске қосу мерзімі туралы толық ақпарат жақын арада CTS компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау