Тікелей эфир

Астанада ауа райына байланысты қала маңындағы бағыттар біраз уақытқа жабылды

Елордадан үш бағыттағы көлік қозғалысы да жабылды.

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты қала маңындағы бағыттардың қозғалысы мен үш бағыттағы тас жолға қатынау уақытша тоқтатылды.

Ауа-райының нашарлауына байланысты, қала маңына қатынайтын № 308, 309, 315, 316, 317, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылып тұр. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар жұмысын жалғастыруда.

Көрінудің нашарлығына және көктайғаққа байланысты жолдардың келесі учаскелері де жабылды:

Республикалық маңызы бар Астана – Ерейментау – Шідерті (16-159 км) тас жолының Астана – Ерейментау учаскесіндегі қозғалыс: көліктің барлық түрлері үшін жабық.

Республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы тас жолындағы Жібек жолы ауылы (Ақмола облысы) – Қарағанды ​​облысының шекарасы (1292-1353 км) жолының учаскесіндегі қозғалыс: қоғамдық және жүк көліктері үшін жабық.


Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер


Республикалық маңызы бар Астана – Петропавл (18-234 км) тас жолында, Астана – Щучинск учаскесінде қозғалыс: көліктің барлық түрі үшін жабық

Серіктестер жаңалықтары