Астанада ауа райына байланысты мектептер онлайн форматқа ауысты

Фото: BilimClass
Фото: BilimClass
0–9 сыныптар қашықтан оқиды.

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.

"2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі", – делінген ресми хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, елордада қалың қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Мамандар қала тұрғындарын сақ болуға, қажетсіз сыртқа шықпауға және жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз