Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі де тегін қатынайды.
Астанада алдағы жексенбі – 23 тамыз күні, яғни Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, қоғамдық көлік тегін қатынайды, деп хабарлайды CTS.
CTS мәліметіше, тегін жол жүру мына бағыттарда қолжетімді:
- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.
"Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз", – делінген компания хабарламасында.