Астанада 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Екі адам қамауға алынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Күдіктілер қылмысты мойындады.

Астанада 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Полиция 2005 жылы елордада болған қылмысқа қатысы бар екі күдіктіні анықтап, ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

2005 жылғы маусымда Астананың шетінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Ол кезде қылмысты ашуға қажетті айғақтар жеткіліксіз болған. Соған байланысты іс бойынша күдіктілерді анықтау мүмкін болмаған.

"Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмады. Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді", – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталған.

Полиция мәліметінше, күдіктілер тамыз айында ұсталған. Тергеу барысында олар кісі өлтіргенін мойындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс күдіктілер мас күйде болған кезде туындаған жанжал барысында жасалған. Қазір екі күдікті де қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, оған қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беруде.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау