USD: 472.1 / 474.7
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Астанада 200-ге жуық жолаушы әуежайдан ұша алмай қалды

Рейс техникалық себептерге байланысты шықпай қалған.

–Астанада 200-ге жуық жолаушы діттеген жеріне ұша алмай қалды, деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Астана халықаралық әуежайы Scat әуекомпаниясының Астана-Санкт-Петербург бағытындағы DV821 рейсінің кешігуі туралы хабарлады.

Сағат 08.30-да ұшып шығуы тиіс рейс техникалық себептерге байланысты шықпай қалған. Кейінірек рейс сағат 13.10-ға шегерілгені белгілі болды.

"200-ге жуық жолаушы кешігу туралы дереу хабардар етіліп, күту кезінде тамақ және сусынмен қамтамасыз етілді. Әуежайға ауыстырылатын ұшақ келіп, отырғызу басталды. Рейс сағат 13.10-да ұшады деп күтіледі. Біз жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, болған жағдайға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреміз", – делінген Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәліметінде.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау