Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік-шығысы мен орталығында қалың қар жауады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде кей уақыттарда жаңбыр мен қар аралас күшті жауын-шашын болуы мүмкін.
Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман күтіледі. Солтүстік аймақтарда боран соғуы ықтимал.
Метеорологтардың болжамына сәйкес, көптеген өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
- Батыста түнде 15–28° аяздан 6° аяз–2° жылуға дейін, күндіз 2–13° аяздан 0–10° жылуға дейін;
- Оңтүстік-батыста түнде 8–16° аяздан 6° аяз–2° жылуға дейін, күндіз 0–8° аяздан 5–13° жылуға дейін;
- Солтүстік-батыста түнде 22–33° аяздан 2–10° аязға дейін, күндіз 15–20° аяздан 2° аяз–3° жылуға дейін;
- Солтүстікте түнде 15–33° аяздан 10–23° аязға дейін, күндіз 15–25° аяздан 0–7° аязға дейін;
- Орталықта түнде 15–30° аязға дейін төмендеп, 12 наурызда 10–21° аязға дейін жылынады, күндіз 0–10° аязға дейін көтеріледі;
- Шығыста түнде 15–30° аязға дейін суытып, күндіз 3–18° аяз болады;
- Оңтүстікте күндізгі температура 0–5° жылуға дейін көтеріледі;
- Оңтүстік-шығыста күндіз 0–15° аяз аралығында болады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолда сақ болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.
USD:
491.5 / 494.3
EUR:
568.0 / 573.0
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…