Мереке күні бірқатар тұрғындарға пәтер кілті табысталады.
Астана қаласының әкімдігінің ресми сайты Республика күніне орай елордада өтетін шаралар туралы хабарлады.
"Мереке аясында елордада және әр ауданда әр түрлі саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, еңбек ардагерлері, батылдық танытқан азаматтар марапатталады. Сонымен қатар, мереке күні қалада тұрғын үйлер пайдалануға беріледі" делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
21 қазан. Барлық білім беру мекемелерінде салтанатты жиындар өтеді, оның барысында оқушыларды ерекше жетістіктері үшін, мұғалімдерді еңбегі үшін марапаттау жоспарланып отыр. Ал соңында Мемлекеттік әнұранды жаппай орындау бойынша акция өтеді.
21 қазан, сағат 11:00. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде "Егемендік күні – тарихи қадам" атты дөңгелек үстел өткізіледі. Іс-шараға кез келген адам қатыса алады.
22-30 қазан аралығы. Астанада екінші рет "ТЕАТРALL" халықаралық театр фестивалі өтеді. Биыл ол республика күніне және театр мен киноның көрнекті режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің 90 жылдығына арналған. Фестивальге 14 театр қатысады – 8 қазақстандық және 6 шетелдік театр.
24 қазан, 19:00. "Наз" мемлекеттік би театры "Республикам – Қазақстан!" концертін өткізеді.
25 қазан, 12:00. "Қазанат" ат спорты кешенінде бәйге түрлері бойынша жарыстар өтеді. Аламан және топ-бәйге бойынша 20 және 14 км қашықтықтағы жарыстарға еліміздің 11 өңірінен 70 шабандоз қатысады.
Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күнінде отшашу болады
25 қазан, 16:00. ЕХРО көрмесінің алаңында "Қазақстаным менің!" концерті өтеді.
25 қазан, 18:00. "Қазақстан" орталық концерт залында Роза Рымбаеваның шығармашылығына арналған концерт ұйымдастырылады.
25 қазан, 19:00. Бейбітшілік және келісім сарайында "Мәңгілік ел дауысы" концерті болады.
24-25 қазан. Астана маңындағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында ат спорты бойынша спорттық жарыстар өтеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
302
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
291
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
292
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
304
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
309
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
329
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
320
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
345
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
296
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
277
-
0
-
0
-