Тікелей эфир

Астана спортына енді Василий Левит жауап береді

Ол елорданың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Василий Левит. Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Василий Левит 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері,  екі олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.


Оқи отырыңыз: Геннадий Головкин Қазақстан ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып сайланды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары