Қазақстан қор биржасы (KASE) қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 0,62 теңгеге өсіп, 493,85 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам 493,23 теңге болды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 493,48 теңгеден сатып алынып, 495,82 теңгеден сатылып жатыр.
Еуро 566,98 – 577,76 теңге, ал рубль 6,24 – 6,38 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал Астанадағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы мынадай:
- доллар: сатып алу – 492,00 теңге, сату – 499,00 теңге;
- еуро: сатып алу – 568,91 теңге, сату – 579,00 теңге;
- рубль: сатып алу – 6,15 теңге, сату – 6,45 теңге.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07