Тікелей эфир

Астана мен Алматыдағы жаңа жылдық шыршалар ТМД елдеріндегі ең биік шыршалар ондығына енді

Айта кетейік, Астана мен Алматыдағы шыршалар еліміздегі ең биік шырша емес.

Астана мен Алматының негізгі шыршалары ТМД елдерінің астаналарындағы ең биік 10 жаңа жылдық шыршалардың қатарына енді. Бұл туралы ТурСтат порталы хабарлады.

Биыл Астанадағы шыршаның биіктігі – 25 метр болса, Алматыдағы жаңа жылдық шыршаның биіктігі – 20 метр болды.

ТМД елдеріндегі ең биік жаңажылдық шыршалары бар қалалардың ондығына мыналар кіреді:

  • Ашхабад (44 метр);
  • Ереван (37 метр);
  • Ташкент (35 метр);
  • Баку (34 метр);
  • Бішкек (32 метр);
  • Минск (30 метр);
  • Душанбе (30 метр);
  • Мәскеу (25 метр);
  • Астана (25 метр);
  • Алматы (20 метр).

Оның үстіне, негізгі жаңа жылдық шыршалардың ішінде жалғыз тірі шырша – Ресей астанасында.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар жаңа жылға қандай сыйлықтарды жиі береді?


Айта кетейік, Қазақстандағы елордалық шыршалар елдегі ең биік шырша емес. Мәселен, Петропавлдағы жаңа жылдық шыршаның биіктігі 30 метрге дейін жеткен. Оның құрылысы мен безендірілуіне биыл қала әкімдігі 52 миллион теңге жұмсаған.

Серіктестер жаңалықтары