Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен биыл наурыз айында Астана және Алматы қалаларында азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинап, таратумен айналысқан күдікті топтың әрекетін тоқтатты.
Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық іс фигуранттары заңсыз алынған ақпаратты интернет арқылы сатып келген. Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың жекелеген өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.
"Жүргізілген тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемдегі ақша қаражаты және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 147 (жеке өмірге қол сұғу және дербес деректерді заңсыз жинау), 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
USD:
459.1 / 462.1
EUR:
537.0 / 542.0
RUB:
5.93 / 6.05