Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жарысқа астаналық құрама команданың 5 спортшысы джиу-джитсу және шахмат спорт түрлерінен сынға түсті.
23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытай мемлекетінің Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары өтті. Жарысты Қазақстан құрама командасы 80 медальмен тәмамдады.
Жарысқа астаналық құрама команданың 5 спортшысы джиу-джитсу және шахмат спорт түрлерінен сынға түсті. Команданың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және шахматтан қазақстандық қыздар құрамасы командалық қола жүлдеге ие болды.
Азия ойындарында джиу-джитсу спорт түрінен сынға түсіп, чемпион атанған астаналық спортшы Нұржан Батырбеков ел қоржынына 10 алтынның біреуін алып келді.
Сондай-ақ, астаналық Галина Дуванова күміс жүлдеге ие болды.
Оқи отырыңыз: Азиаданың жабылу салтанатын Qazsport тікелей эфирде көрсетеді.