Тікелей эфир

Азиаданың жабылу салтанатын Qazsport тікелей эфирде көрсетеді

Тікелей эфир уақыты: бүгін (8 қазан) сағат 17:55.

Қытай астанасы Пекинде өтіп жатқан ХІХ Жазғы Азия ойындарының жабылу салтанатын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы Qazaqstan арнасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан құрамасы жалпы 80 жүлде еншілеген құрлықтық доданың жабылу салтанатын бүгін сағат 17:55-те Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді", – делінген арнаның хабарламасында.

Қазақстан Азия ойындарын 11-орынмен аяқтады. Ел спортшылары жалпы саны 80 медаль иеленіп, жүлде саны бойынша бесінші орынға тұрақтады.


Оқи отырыңыз: Қазақтың домбырасы Ханчжоу төрінде күмбірледі


 

Серіктестер жаңалықтары