Заң бойынша елден 10 000 доллардан асатын қаражат шығаруға болмайды.
Астана халықаралық әуежайында жолаушының багажынан шамамен 160 мың доллар (72 миллион теңге) табылды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жолаушының заңсыз жүктерін тексеру бөлімшесінің қызметкерлері анықтады. Осыдан кейін жолаушы ақшамен бірге тиісті мекеме қызметкерлеріне тапсырылды.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" жарлығына сәйкес, елде 10 мың доллардан асатын қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады.
Оқи отырыңыз: "Алтын қыран" орденінің иелеріне әуежайдың арнайы залында қызмет көрсетіледі