Тікелей эфир

"Алтын қыран" орденінің иелеріне әуежайдың арнайы залында қызмет көрсетіледі

Сондай-ақ, дәл осындай ерекшелікке "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек ері" атақтарының иегерлері де ие болады.

Үкімет қаулысына енгізілетін өзгертулердің жобасына сәйкес, "Алтын қыран" орденінің және Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек ері" атақтарының иегерлеріне әуежайдың арнайы залында қызмет көрсетілетін болады.

Бұған Мәжіліс депутаты Мұқаш Искандировтың хаты және соған орай шығарылған премьер-министр Әлихан Смайыловтың № 11-06/5209 қарары себеп болған. 

Қаулының қолданыстағы нұсқасына сәйкес, оған Қазақстан президентінен бастап 48 санатқа жататын мемлекеттік және түрлі лауазымдық қызмет иелері аталған тізімге енген. Олардың қатарында премьер-министр мен орынбасарлары, сенат және мәжіліс төрағасы мен орынбасарлары, мемлекеттік кеңесші, президент әкімшілігінің басшысы мен орынбасарлары, конституциялық сот төрағасы мен орынбасарлары, жоғарғы сот төрағасы, ұлттық банк төрағасы, орталық сайлау комиссиясының төрағасы, президенттің кеңесшілері мен көмекшілері және басқалар бар. 

Толық тізіммен осы жерден танысуға болады. 

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 2024 жылғы 10 қаңтарға дейін. 


Оқи отырыңыз: Екі майдангерге "Халық қаһарманы" атағы берілді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары