Тікелей эфир

Астана әуежайы БАӘ инвесторымен бірлескен жұмысты бастады

Басты мақсат – әуежайды мультимодальды хаб ретінде дамыту.

8 қарашада шетелдік инвестор БАӘ-нің Terminals Holding компаниясы мен Астана халықаралық әуежайы арасындағы бірлескен жұмыс басталды. Бұл туралы елорда халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

18 қазанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Terminals Holding компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Негізгі мақсат – Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту, инвестиция құю арқылы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жасау, жүк терминалың қуаттылығын және жолаушылар ағынын арттыру.

"8 қарашада шетелдік инвестор БАӘ-нің Terminals Holding компаниясы мен Астана халықаралық әуежайы арасындағы бірлескен жұмыс басталды. Бүгін шетелдік инвестор Астана халықаралық әйежайының серіктестеріне, әуекомпанияларға өздерін таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті", – деп жазылған хабарламада.

Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағының сағатына 20 ұшу және қону операциясын орындауға мүмкіндік береді. Ал жүк терминалының аумағы 3,3 мың шаршы метрді құрайды. Астана халықаралық әуежайы жылына жүк 11 мың тонна жүкті қабылдау және жөнелту жұмысын жүргізіп келеді.


Оқи отырыңыз: Шымкенттегі әуежай маңында заңсыз орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттар бұзылып жатыр


Айта кету керек, ортақ келісім әзірге 1 жылға қарастырылған. 1 жыл көлемінде инвестор Астана әуежайының әлеуетін зерделеп, мүмкіндіктерін қарастырады. Содан кейін нақты инвестиция көлемі мен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасу мәселесі қарастырылады.

Серіктестер жаңалықтары