Астана, Алматы, Шымкентте алғашқы тарауық намазы нешеде оқылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бүгін Қазақстан мешіттерінде тарауық намазын оқу басталады.

Рамазан айының басталу құрметіне орай, бүгіннен бастап Қазақстан мешіттерінің басым бөлігінде тарауық намазы оқылады. Ол жиырма рәкат оқылып, Рамазан айының соңына дейін созылады.  

Тарауық намазы құптан намазынан соң оқылатынын еске саламыз. Сәйкесінше, әр өңірде құптан намазының уақыты әркелкі. Оның уақытын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтындағы кестеден білуге болады. 

Мәселен, бүгін Астанада Құптан намазының уақыты сағат 19.07-де кіреді. 

  • Алматы бойынша уақыт: 18.45.
  • Шымкент бойынша уақыт: 19.15. 

"Тарауық намазы 20 рәкаттан тұрады. Әр екі рәкаттан кейін сәлем береді. Төрт рәкат етіп оқыса да болады. Жалғыз оқыса да дұрыс, бірақ жамағатпен оқығанның сауабы зор. Тарауық намазымен бірге үтір намазы да жамағатпен оқылады. Имам тарауық намазы мен үтір намазының қирағатын дауыстап оқиды. Құныт дұғасын имам да, жамағат та іштей оқиды", – делінген ҚМДБ ресми сайтында. 

Тарауық намазын оқу тәртібі туралы осы жерден білуге болады. 

Серіктестер жаңалықтары