2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Әскери қызметшілердің қазасына қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Үкіметтік комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты құрылған Үкіметтік комиссия тергеу барысын бақылауға алды. Комиссия отырысы 24 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өтті.

Отырыста оқиғаның мән-жайын анықтау, жауапты тұлғаларды белгілеу және қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету мәселелері қаралды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі — "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау" және 465-бабы — "Кеме жүргізу қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір бірқатар тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іске тиісті мамандар тартылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалған.

Қанат Бозымбаев оқиғаның барлық мән-жайын қысқа мерзімде толық анықтап, кінәлі тұлғаларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Үкіметтік комиссия отырысында әскери қызметшілердің отбасыларына әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды.

Қанат Бозымбаевтың мәліметінше, заңда көзделген көмектен бөлек, қаза болғандардың отбасыларына қолдау білдіруге ниет танытқан азаматтар мен бизнес өкілдері де бар. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері әрбір қаза болған әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден көмек бөлген.

Премьер-министрдің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, жиналған қаражаттың бөлінуін бақылауды және оның нақты адресаттарға толық көлемде жетуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, оқиғадан кейін медициналық мекемеге жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Үкіметтік комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау